Шана туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 12
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Әңгімелер: 2

Зулап түсiп төменге,Шықпас менсiз төбеге.(Шана)
©  Ескен Елубаев
Неше мүйіз танада, Неше табан шанада. Айта қойшы сана да. (екі мүйіз танада, екі табан шанада).
©  Сүлеймен Баязитов
Мінсем,Төменге зу етем,Өрлесем,Оны өзім сүйретем.(Шана)
Жазда жатса тыныстап,
Дейді қыста «жұмыс тап!»
Тауға шықсаң жетекте,
Қашады алып етекке.

Жауабы: Шана
Ойға қарай зулайды,
Сенсіз өрге бармайды,
Жетелесең қалмайды.

Жауабы: Қол шана
Жазда қайрандайды,
Қыста сайрандайды.

Жауабы: Шана
Жазда жатса тынысып,
Дейді қыста жұмыс тап,
Тауға шықсаң - жетекте,
Қашады алып етекке.

Жауабы: Шана
Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем.

Жауабы: Шана
Мініп алып ылғи да,
Тыңнан жол табамын,
Жоғарыдан ылдиға,
Жұлдыз болып ағамын.

Жауабы: Шана
Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе-дағы,
Иіліп жерден шөпті жемес сонда.

жауабы
Шана
Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға.

жауабы
Шана
Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.

жауабы
Шана