Кедей туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 89
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 42
Нақыл сөздер: 45
Туындылар: 1
Әңгімелер: 25
Ертегілер: 5
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 10

Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Пышағы өткір байымайды.
Жарлының жалғыз аты – айғыр,
Жатып ал да қайғыр.
Қырық жылда бай мен кедей теңелер.
Кедейдің азанында да ажар болмайды.
Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.
Кедейдің басына балта да өтпейді.
Кедейдің үйінен ұры да ұялып шығар.
Кедеймiн деп қысылма,
Өнерiң болса қолында
Өнерлiнiң ырысы –
Жарқырап жатар жолында.
Қыстың демі —
Кедейдің кебіні.
Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.
Жас өседі, жарлы байиды.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонағы билейді.
Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталас бол.
Жарлы кісі бай болса, көтін қоюға жер таппайды,
Бай кісі жарлы болса, бетін қоюға жер таппайды.
Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Мал кедейлігінен, ақыл кедейлігі жаман.
Ұрыншақ ат арық болар,
Көңілшек жігіт жарлы болар.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
Жарлының еңбегі — байдың ермегі.
Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.
Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер.