Ағайын туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 108
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 111
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 20
Құттықтау, тілектер: 7
Баталар: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1

Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.
Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.
Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.
Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.
Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.
Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.
Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.
Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақын білмес, жат білер.
Бар болсаң ағайының көре алмайды,
Жоқ болсаң "мә, саған" деп бере алмайды.
Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.
Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.
Танымас, танымасын сыйламас.
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
"Сіз", "біз" - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
Туман туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды.
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
Ағайында алтау болсаң, адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.