Қаршыға туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 13
Жаңылтпаштар: 1
Ертегілер: 1
Аңыздар: 1

ҚАРШЫҒАНЫҢ ЕРЛІГІ
   Күндердің күнінде құмай, құзғын, қаршыға бәрі мәжілістес болып отырып, құзғын:– Менің жасым бәріңнен үлкен. Көргенім де көп, түйгенім де көп...
©  Жәди Шәкенұлы
Қаршыға
(әні бар)Шабытымның жанғандай бар шырағы,Серуенмен тазарды-ау, жан шуағы!Қаршығадай қағілез қарағым-ау,Домбыраңды алшы, кәні!Қайырмасы:Аршалы тау..
©  Қажытай Ілиясұлы
Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұсталған кісінің—өңінде дәулеті тасып, балалы болады.
©  Түс жору
Түсінде қаршыға көрсе—ел ішінде құрметті кісі болады.
©  Түс жору
Қаршыға көру—залым ұлығы болар.
©  Түс жору
Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе—онда өңінде оның байлығы тасиды.
©  Түс жору
«АҚҚУДЫ» ТАРТШЫ, ҚАРШЫҒА!
Сарынға сырлас табындым, Жалынға ыстық шалындым. Ағынға ынтық бағындым, Нұрғиса күйін сағындым. Сағындым шуақ күлкісін, Сағындым ырғақ нұрлысын...
©  Кәкімбек Салықов
Қаршыға - күй
Тұнғанда тыныштыққа атырабым,Жанымды желпіп өтті жақын ағын.Әлдебір құдірет күш алды жаулап,Момын жұрттың киелі топырағын.Сол-ақ екен атқандай жарық..
©  Әлия Дәулетбаева
Қаршыға
Барлық заңнан тысқары, қаршығамын шүйілген,Биіктеуді қалаймын.Барлығыңның жердегі мұрындарыңа шүйірген,Тас – төбеден қараймын.Барлық заңнан тысқары..
©  Ибрагим Иса
Қанатыңнан ұшқан қаршыға...
Қанатыңнан ұшқан қаршыға,Қара бір терге малшына,Қара аспан жаққа самғады.Қара жерде қалып бар шүбə...Қанатыңнан ұшқан қаршыға,Қара бір терге..
©  Бақыт Беделханұлы
Тасбақа мен қаршыға
Бір кездері Қаршыға мен Тасбақа,Жануарлар секілденіп басқа да,Жер бетінде қатар өмір сүріпті,Бір-бірімен араласып жүріпті.Екеуі де тойға бірге..
©  Абдрахман Асылбек
Шыңырау (VІІІ нұсқа)
Бір торғай өзінің екі жұмыртқасына иен далада қалған бір жұмыртқаны әкеліп қосады. Үш жұмыртқаны бірдей басып, уақыты жеткенде үш балапан шығарады...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаршыға алып
Жылқы айдаймын көшкенде, ай, қаршыға алып,Тал құрығын қолыма, ай, аршып алып.Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,Ей!Бір тал үкі шекеме шаншып алып..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаршыға
Қаршығам қаз ал десем, қаз алмайды,Ежелден кекті дұшпан тазармайды.Болғанда қыз саудегер, жігіт базар,Олар да бірін-бірі базарлайды-ай.Қараймын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаршыға
(Әлжаппар Әбішевтің аузынан)1Қаршыға ұқсап көктің нүктесінеҚалықтап тұрды алмай түкті есіне.Бір мерген көре салып нысанаға ап,Жабысты мылтығының..
©  Сырбай Мәуленов
Қаршыға ма,Құмай ма?Әнші балаға қаршыға ұнай ма?Малшы балаға құмай ұнай ма?
Қаршыға деген бір құс бар
Қаршыға деген бір құс бар,Қанаты айдың астында.Ұясы оның саяда,Қарағай, қайың басында.Аңқау өскен ер едім,Бұла болып жасымда.Бұ қонысқа..
©  Махамбет Өтемісұлы
Қайда бар
Артымда қалған алғаным,Қытайы қызыл көйлегіКүнге қойсаң оңар ма?!Мұндай қорлық болар ма?!Ақсұңқар құстың баласыҚасқыр тартқан жемтіккеАғармай көзі..
©  Махамбет Өтемісұлы
Мысал-аңыз үлгілері
Қаршығаны мақтағаныБір кісінің қаршығасын ит өлтірді. Бұ кісі көп жылады. Жылап бұ өлеңді айтты:Айтамын Құдайдан соң Мұхаммедті,Сібірде көкжал салды..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім..
©  Мұқағали Мақатаев
Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады,
Қаршыға бабына келгенде түлкі алады.
Имек тұмсық алғыр құс.

жауабы
Қаршыға