Қ әрпі туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 73

Қырбақ қар құрғақ па,Құрғақ қар құрғақ па?Қырбақ қар да құрғақ,Құрғақ қар да құрғақ.
©  Сұлтан Қалиұлы
Қодар ожар болды ма,Ажар ажал болды ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Құр дарақты құрт, араққа берді ме,Ұлтарақты ұл – қараққа берді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Қажымұрат Қожамұратов па,Қожамұрат Қажымұратов па,Қажымұрат пен Қожамұрат – Қазымұратов па?
©  Жәди Шәкенұлы
Қарғалдаққа адал ақ қар нақ қар болар,Қарға адал, ақ гүл қарғалдақ болар.
©  Жәди Шәкенұлы
Құлдар құр алақан тұрар ма,Құлдарды күң Гүлнар мен қу Құмар құр алақан қылар ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Қарға ақ емес, тарғақ қара емес,Қарға тарғаққа пар емес.
©  Жәди Шәкенұлы
Қара атқа мінген қалақтай бала ма,Қалақтай бала қаратпай бара ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Қара таудың қарлы басынан қарлығаш ары асты ма,Қара басып қарлы басында қарлығыш адасты ма.
©  Жәди Шәкенұлы
«Қ»Қастерлi құс – қоқиқазҚорығында Қорғалжын.Қарақшы, қаныпезерденҚамқорлықпен қалайда,Қоқиқаздар қорғалсын.
©  Ескен Елубаев
ҚандаладаҚан бола ма?КамбаладаҚан бола ма?
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қонды құстар,Қондырты құштар.Қонды құс таОңды күш бар.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қоралықтағы,Қор анықталды.Қор анық болдыҚора қозыға лық толды.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қожаш қонды,Қозы аш болды.Қожашқа оңды,Бозащы жолы.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қазықты тоқпақпен тоқпақтағандаТоқпақты тоқтатпай тоқпақта.
Қаңбақ-тоңғақ!Тоңғақ-қаңбақҰшты иық қомдап!
Қапты ап, мақта ап,Мақта қапталап,Қақтап аптап,Теріміз ақты-ақ.
Қара бояу да,Ақ бояу да бар менде.Қара бояуларАқ бояудан кем бе?
Қарақат терген рахат па?Тұра қап қарақат жеген рахат па?Тауықтар да қарақатқа құмар ма?Тарысы бар ала қап та ұнар ма?
Қараңдаршы қанағатты!Қара лақты қамамапты.Қамқорлықпен қарамапты,Қаңғыртыпты қаралақты.
Қарашы қиырға,Көрінген сиыр ма?Ұқсай ма сиырға,Ұқсай ма суырға,Айыру қиын ба?
Қаршыға ма,Құмай ма?Әнші балаға қаршыға ұнай ма?Малшы балаға құмай ұнай ма?
Қасқыр - ит,Тісін ақситты.Жақсы ит тісін ақситпады.
Қойбағар тойға бармай, қойға барды,Тойбағар қойға бармай, тойға барды.
Қойым семіз бе?Ешкім семіз бе?Қойым тоғыз ба?Ешкім сегіз бе?