Бақыт Беделханұлы

Бақыт Беделханұлы 1975 жылы Алматы облысы, Шонжы ауылында туған.
1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекетік университетінің қазақ филологиясы факультетін, философия кафедрасының аспирантурасын тəмамдаған. Т.Жүргенов атындағы Өнер кадемиясы, Театр факультетінің режиссерлық бөлімінде білімін ұштаған.
1999-2004 жылдары Астанада Мемлекеттік “Елорда” баспасының редакторы жəне Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалықдрама театрының əдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2004-2007 жылдары «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Атажұрт», «Саят» бағдарламаларын жүргізді.
2008 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Əдебиетшілер үйінің директоры болып қызмет атқарып келеді.
“Толқыннан толқын туады”, “Қарлығаш”, “Жас ақындардың антологиясы”, “Қос ішек” атты ұжымдық жинақтарға топтама өлеңдері енген.
«Кең дүние», «Көкемарал», «Уақыттың жүрегі» жыр кітаптары жарық көрді.
«Махамбет» поэтикалық драмасының жəне «Қанталапай» киносценарийінің авторы.
Т.Айбергеновтің 60 жылдығына орай өткізілгенжас ақындаржыр-мүшəйрасыныңжеңімпазы. Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты. Дəстүрлі «Шығысшынары» мүшəйрасының арнаулы Ш.Құдайбердиев атындағы сыйлығының иегері. 2011 жылы өткен І.Жансүгіров мүшайрасының бас жүлдегері.
Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының сахибы.
«Бауыржан Момышұлы атындағы қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: