Сақал туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Сақалсыз жебірей, жебірейсіз сақалдан жақсы.
©  Жебірей
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Бақпен асқан патшадан, миымен асқан қара артық.
©  Абай Құнанбаев
Ұшық
I...Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,Тірлікте көзімізбен көреміз бе?..(Ғ. Қараш)Шіркін-ай!Ойлай беру ойға да ауыр,Ойлантпай ойсыздарды қойды-ау..
©  Ықылас Ожайұлы
Сақал
Досым деген шал жасында жігіттікті көп істесе керек. Сөйтіп, ауылдың қызы бар үйге келіп қонады. Сөйтіп, әлгі үйдің қызын оятыпты. Қыз:— Бұныңыз не?..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сақал-қарттың сәні.
Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді.Суға сақалын мала, сілке,Суға сақалын мала, сілке.
Сақал-мұрт пен Ұстара
— Досым, мінің көп тегі,Мақтаса да сені жұрт.Бізсіз күнің жоқ!— дедіҰстараға Сақал-мұрт.Болды сөйтіп масқара,Орынсыз дау..
©  Қадыр Мырза Әли
Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс
 Бұрынғы өткен заманда бір кедейдің үш ұлы болыпты. Бүкіл өмірі байлардың есігінде өткен кедей өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет айтады...
©  Балаларға арналған ертегісі
Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар
Сан-сан айлар өткен сайын, сан айлар,ағарады сақалдар мен самайлар.Адам шіркін қартаюды санайды ар,айлар, айлар, барады өтіп сан айлар.Қартсың десе..
©  Жұмекен Нәжімеденов
Айлар, айлар барады өтіп сан айлар
Айлар, айлар барады өтіп сан айлар,Ағарады сақалдар мен самайлар.Адам шіркін қартаюды санайды ар,Айлар, айлар, барады өтіп сан айлар.Қартсың десе..
©  Жұмекен Нәжімеденов
Батыр шал
(Баллада)Иығы түскен,Қайғы уын ішкенТүнеріп отыр батыр шал.Жүрегімен бірЕтеді дір-дірЖуылған жасқа ақ сақал...Әлсіреп үні,Күрмеліп тіліАлдында жатыр..
©  Әбділда Тәжібаев
"Той" — деген соң
Жылым - қой, алпыс алты тұрған жасым,Ағарған коп сөйлеумен сақал-шашым.Жүруден аяқ-қолым жалықса да,Кез екен домаланып жатпай басым.Кереку бара..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Хамза өліміне
Ауырып, тынышымды алды, күнде басым,Бойыма бір тарамай ішкен асым.Мезгілсіз шаш, сақалға ақ кіргізіп,Көзімнен тарау-тарау аққан жасым!Ішім-пеш..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Шал алған қызға
Қазірде құлағымда ащы зарыңЖәне де көз алдымда саңырау шалың.Саңырауға сасық сақал келемеж боп,Қапада жүргеніңнің білем бәрін.
Қөңілімде мұңыңды..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық
©  Абай Құнанбаев
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Базар көркі – бақал,
Ердің көркі – сақал.
Ұрының сақалында сабан салбырайды.
Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.
Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
Бояушыны бояушы дегенде сақалын бояйды.
Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай іскегі.
Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.
Бір таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі самұрық ,қос қыран ұясы бар.
Бітіпті етегіне құрма ағашы,
Басында бұлбұл құстың ұясы бар.

жауабы - Бас..
Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар,
Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар.
Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш,
Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар.

жауабы..