Құлақ туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 43
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 2

Адамды адамға жалғайды,Адамнан бір сəт қалмайды.Естиді,Сөйлей алмайды.(Құлақ)
©  Серікбай Оспанов
Бiрiншi түбiр сөз –Адам – ыммен айтар керегiн:Екiншi түбiр сөз –Бiр мүшесi дененiң,Екеуiн қосып оқысаң –Орманнан оны теремiн.(Саңырау + Құлақ =..
©  Ескен Елубаев
Л-дан бастасаң – Лақ. Қ-дан бастасаң не?(Құлақ)
Төбеде қос қалқаным,
Әлемнен үн тартамын.

Жауабы: Құлақ
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

Жауабы: Аттың екі құлағы мен төрт аяғы
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.

Жауабы: Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы
Жар басында жарты сыпыра.
Жар басында жарты кепе.
Тауда жарбайып тұр.
Тауда жарбайып тұр.
Құла бетте қисық астау.
Ғаудыр-ғаудыр шанашым,
Қартайғанша көрмедім.
Екі кісі ерегісіп келеді.
Бір таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі самұрық ,қос қыран ұясы бар.
Бітіпті етегіне құрма ағашы,
Басында бұлбұл құстың ұясы бар.

жауабы - Бас..
Бір тауда мекен еткен отыз бөрі,
Ол кісі отызының қызметкері,
Жанында екі адам қарауына
Жүрмейді бірі ілгері, бірі кейін.
Тағы да екі адамнан..
Бір төбеге қойыпты шынар жайып,
Қолына қылыш алды бір ғажайып,
Екі жақта шынардың қалқаны бар,
Кетпесін қалқанына қылыш тайып.

жауабы - Шаш..
Ағады тау басынан сегіз бұлақ,
Төртеуі ащы, үшеуі тәтті тым-ақ.
Ащы да емес, төртеуі күшті де емес,
Екі жапырақ өспейді тіпті бірақ.

жауабы ..
Бір тобықта жеті жыртың.

жауабы - Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз
Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.