Тіл туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Тiл – ырысың, өрiсiң де, Тiл – көктегi ғажап күнiң.Ғажап күнсiңМен үшiн деБабам тiлi – ........... («Қазақ тiлiм»)
©  Сұлтан Қалиұлы
Ой маржанын тере бiлгенӘр жазушың, әр ақының.Әр сөзiңдi емемiн мен,Ана сүтi – ......... («Ана тiлiм»)
©  Сұлтан Қалиұлы
Сөйлесе де қозғалады,Сөйлемесе де қозғалады.(Тіл)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,Байлауынан бір босамас қызық ат.Тіс пен тіл
©  Мұзафар Әлімбаев
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі, отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері

Жауабы: Тіс, саусақ..
Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.

Жауабы: Аяқтың, қолдың..
Жайлаған бір көшеде отыз бөрі,
Он жігіт сол бөрінің қызметкері.
Сайраған ортасында жалғыз қызы,
Бүркейді оның бәрін екі тері.

Жауабы: Отыз тіс..
Отыз екі пышақтың
Ортасында бір ат тұр.

Жауабы: Тіс пен тіл
Күміс қасықтың
Асты алтын.

Жауабы: Тіл мен сөз
Екі ошаққа бір көсеу.

Жауабы: Сиырдың танауы мен тілі
Бір топ қамыс,
Бір топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған қамыс астында жылтырауық.
Жылтырауық астында пышылдауық,
Пышылдауық астында..
Бір таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі самұрық ,қос қыран ұясы бар.
Бітіпті етегіне құрма ағашы,
Басында бұлбұл құстың ұясы бар.

жауабы - Бас..
Бір тауда мекен еткен отыз бөрі,
Ол кісі отызының қызметкері,
Жанында екі адам қарауына
Жүрмейді бірі ілгері, бірі кейін.
Тағы да екі адамнан..
Қар жауды Қаратаудың басына кетпейтұғын,
Етекте екі бұлақ кеппейтұғын,
Бір тауда бір диірмен босқа қалды,
Бар ма екен сол диірменді..
Үлкен үй,
Үлкен үйдің ішінде
Кішкене үй.
Кішкене үйдің ішінде
Досқана би.
Үлкен ой,
Үлкен ойдың ішінде
Кіші ой,
Кіші ойдың ішінде,
Балуан би.
Үсті тақтай,
Асты тақтай,
Ортасында әбзел тақтай.
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.
Қыдыр ата тас қойдым,
Қызыл өгізді бос қойдым.
Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба?
Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері.

жауабы - Тіл, тас..
Айтайын мен бір жұмбақ ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың сол түбінде,
Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.

жауабы..
Абайлап жүргін алдында,
Аңқайған ұра тұрыпты.
Ол ұраның ішінде,
Гауһардан қора тұрыпты.
Ол қораның ішінде
Ақылды дана тұрыпты.
Ол дананың..