Адам туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 546
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 477
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 748
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 7
Поэмалар: 4
Шығармалар: 9
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 6

Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.
Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Ас адамның арқауы.
Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.
Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.
Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.
Адам бір-біріне қонақ.
Бір лақ екі адамды талтаңдатады.
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Адамға адам жат емес.
Адамның сырты алдамшы.
Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа.
Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.
Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.
Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.
Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.