Дұшпан туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Дұшпан" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Дұшпан" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Дұшпан" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Дұшпан" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 63
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 64
Нақыл сөздер: 35
Әңгімелер: 4

Дос - егіз, дұшпан - сегіз.
Дос жылата айтар,
Дұшпан күлдіре айтар.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.
Дұшпан күле кіріп,
Күңірене шығар.
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің..
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Дұшпанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.
Достан сырыңды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма.
Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.
Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.
Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
Дастарханның басында дұшпан да дос.
Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Дұшпан көзі төртеу.
Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.