Адам туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Адам" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Адам" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Адам" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Адам" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 547
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 480
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 750
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 7
Поэмалар: 4
Шығармалар: 9
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 6

Аш адам жүріп өледі.
Кем болма, кең бол.
Қатты ағашта шайыр жоқ,
Қатты адамда қайыр жоқ.
Адам тілінен жазады,
Ұры ізінен жазады.
Пенде көресісін көрмей,
Көрге кірмейді.
Болсаң болаттай бол,
Болмасаң, бордай тоз.
Екі елді жол қосады,
Екі адамды қол қосады.
Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ақылы терең адамның
Аясы кең келеді.
Тамыры терең шынардың
Саясы кең келеді.
Ұлы адамның ойында
Ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында
Алтын, күміс жүреді.
Адам ақылымен бай,
Жер дақылымен бай.
Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.
Пасық адам белгісі:
Өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
Жақсы адамның жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін қарама.
Адамның көңілі
Бір атым насыбайдан қалады.
Түлкі мінез адамдар,
Досты досқа жамандар.
Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.
Тұлпар дүлдүлдігімен,
Адам білгірлігімен.
Жақсы адам жолына
Жол азық қалдырады.
Жаман адам жолыңа
Ор қазып қалдырады.
Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай болады.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай болады.
Жақсы адам туса —
Көптің ырысы,
Жазғы жаңбыр жауса,
Көктің ырысы.
Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі.
Жаман адам төршіл.
Топас адам – тобашыл,
Жаман адам – табашыл.