Үйлену туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Үйлену" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Үйлену" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Үйлену" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Үйлену" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 29
Өлеңдер: 24
Нақыл сөздер: 8
Құттықтау, тілектер: 48
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 5
Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.
Қатын алсаң, отын ал.
Өзің сүйгенді алма,
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.
Аяғын көріп, асын іш
Анасын көріп, қызын ал
Анасын көріп, қызын ал
Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.
Көргені жаман оңбайды,
Айтқан тілді алмайды.
Алғаны жаман оңбайды,
Қағып төсек салмайды.
Айтқан тілді алмайды.
Алғаны жаман оңбайды,
Қағып төсек салмайды.
Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар.
Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.
Қатының қалар жаныңда.
Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.
Өзіңді отқа салғаның.
Керенауды күлісінен білерсің,
Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.
Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.
Қасық асым —
Қайғысыз басым.
Қайғысыз басым.
Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.
Қызды ауылға қарап жылайды.
Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Сол ыстық.
Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес.
Күлі де күндес.
Бір қатын сылаумен қатын,
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын.
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын.
Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт,
Алған жары жақсы болса мың бақыт.
Алған жары жақсы болса мың бақыт.
Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран.
Бір үйде екі сиыр болса — айран.
Байсыз қатын — баусыз оймақ.
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
Ай көрінер көзіне.