Бала туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 293
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 128
Өлеңдер: 541
Жаңылтпаштар: 16
Нақыл сөздер: 164
Құттықтау, тілектер: 15
Баталар: 4
Туындылар: 20
Әңгімелер: 169
Ертегілер: 20
Поэмалар: 2
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 14
Эсселер: 14

Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.
Көргенсіз бала — көкірек,
Өнерсіз бала — өкірек.
Ерке бала — екі жылар.
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Жас бала құстың көлеңкесіне де тоңады.
Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.
Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
Балалы үй — базар,
Баласыз үй — қу мазар.
Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.
Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.
Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер,
Адам болатын баланың,
Маңдайы жазық келер.
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.
Балалы үйрек көлден кетпес,
Балалы жесір елден кетпес.
Болатын елдің баласы
Бірін бірі:
«Батыр!»дер.
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі:
«Қатын!» дер.
Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.
Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жыл азық.
Баланың бас ұстазы — ата-ана.
Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Сайына қарай — саласы,
Әкесіне қарай — баласы.
Әкеге баланың алалығы жоқ.
Бала —
Ананың бауыр еті, көз нұры.