Бала туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бала" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бала" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бала" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бала" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 128
Өлеңдер: 545
Жаңылтпаштар: 16
Нақыл сөздер: 165
Құттықтау, тілектер: 15
Баталар: 4
Туындылар: 20
Әңгімелер: 169
Ертегілер: 20
Поэмалар: 2
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 14
Эсселер: 14

Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Адам болатын бала
Алысқа қарайды.
Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.
Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.
Баланың қызығы білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.
Ойнақтаған бала от басар.
Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.
Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
Тайдың мінгені білінбес,
Баланың жүгіргені білінбес.
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.