Барлығы

Еңбек ет те, мақтан, ойнап күл де, шаттан.
Адал еңбек, алғыр ой - анық досың біліп қой.
Алдыңа бір қарасаң, артыңа екі қара.
Қорыққанға қос көрінер.
Еңбек түбі - береке.
Алма, піс, аузыма түс.
Бірігіп көтерген жүк жеңіл.
Жаман үлесінен құр қалар.
Еңбексіз өнбек жоқ.
Әдептілік - адам көркі.
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.
Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.
Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің дәмі тәтті.
Пәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.
Ойыннан от шығады.
Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады.
Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Әркімнің өз жері - жұмақ.