Ел туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 496
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 595
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 132
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 5
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 14
Аңыздар: 1
Эсселер: 13

Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Абыройды ақ отау жапты.
Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.
Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.
Айырылған ел азады,
Қосылған ел озады.
Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.
Адассаң, еліңмен адас.
Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.
Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.
Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Ел ішінде жұрт жүреді,
Ет ішінде құрт жүреді.
Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.
Елін сағынбайтын ер болмайды,
Үйірін сағынбайтын ат болмайды.
Ел ауызы – елек.
Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.
Ел – ел болды,
Елебай әкем не болды?
Екі биелі ел сақтайды,
Бір биелі жан сақтайды.
Жаудың түбі – ел болар,
Таудың түбі – бел болар.
Атың барда жер таны,
Атаң барда ел таны.
Жер тауымен салмақты,
Ел қауымымен салмақты.
Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.
Елді қорғайтын – ерлер,
Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.
Миға ерген дене азбайды,
Милыға ерген ел азбайды.