Уайым туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 9
Өлеңдер: 33
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 19
Туындылар: 1
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1

Тура жолда қайғы жоқ
Тура жолда қайғы тұрмас,Шат болайын, бер арақ!Қайғы, рахат бәрi бiр бәс,Ешбiрiнде жоқ тұрақ.
Келсе бейнет – келдi, кеттi,Болса уайым –..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамды алдымен өзінің қажеттіліктерінің төңірегінде ғана қызығу болады, өзінің ауырған тісінің уайымы елдегі аштық пен апаттан зәрлірек. 
©  Дейл Карнеги
Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың. 
©  Викентий Вересаев
Қара сөздер: 4 қара сөз
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас..
©  Абай Құнанбаев
Жақсылық ұзақ тұрмайды
Жақсылық ұзақ тұрмайды,Жамандық әр кез тозбайды.Үміттің аты елеріп,Қос тізгінді созбайды.Қанша тепкі салсаң да,Уайымнан озбайды.Бір қайғыны..
©  Абай Құнанбаев
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.Ақылдылар арланып ұялған соң,Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.Қазақтың өзге..
©  Абай Құнанбаев
Солдаттың анасы
Ананың ұлы әскерге кеткен еді. Ол екі жылдық әскери мерзімін өтеуі керек болатын. Одан хат үзбей келіп тұрды. Солдаттың ұқыптап отырып жазған хатының..
©  Ғабиден Қожахмет
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.
©  Абай Құнанбаев
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтауы керек.
©  Мұхтар Әуезов
Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.
©  Мұхтар Әуезов
Кемшіліктеріңізді ойлап сары уайымға салынбаңыз. Ал өзгелердің кемшін тұсын мүлде ойға алмаңыз. Жақсы қасиеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Ал..
©  Джон Рескин
Уайымдап, ойға шомып
Уайымдап, ойға шомып, отырмын мен шерменде,
Уайымдар жандар бар деп,
тағы басқа..
©  Мұқағали Мақатаев
Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады.
©  Омар Хайям
Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.
©  Далай-Лама
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ...
©  Абай Құнанбаев
Қарыз беру уайым емес,
Қайтарып алу уайым.
Бір басыңда мың уайым.
Уайым - ердің қорғаны.
Тамақ тоқ,
Көйлек көк,
Уайым жоқ.
Уайым түбі теңіз,
Батасың да кетесің.
Тәуекел түбі қайық,
Мінесің де өтесің.
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.