Жігіт туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жігіт" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жігіт" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жігіт" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жігіт" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 222
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 330
Нақыл сөздер: 39
Құттықтау, тілектер: 8
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 68
Ертегілер: 6
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 22
Аңыздар: 13

Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.
Жатып сөйлеген
Жігітке жараспайды.
Жігітке жеті өнер аз,
Жетпіс өнер көп емес.
Бөрі соғар жігіттің
Бөрігінен белгілі.
Балта соғар жігіттің
Көрігінен белгілі.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Жігітке жетпіс өнер де аз.
Қырын алған жігітті
Қыз қасынан ит қабар.
Үш ағайынды жігіттің
Отарда малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.
Балалығыңды сағынсаң,
Нағашыңа бар.
Жігіттігіңді сағынсаң,
Қайныңа бар.
Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман.
Жарлы білегіне сенеді
Жігіт жүрегіне сенеді.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық.
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.
Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.
Жігіттің жігіті —
Түсінде жылқы көреді.
Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.
Нар маяның жүні — жібек,
Сүті — бал,
Нар жігіттің аймағы ел,
Алды мал.
Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.
Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.
Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Жақсы жігіт,
Бір мінез ат дос сақтайды.
Жақсы әйел,
Бір ішер ас сақтайды.