Еңбек туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Еңбек" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Еңбек" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Еңбек" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Еңбек" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 306
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 135
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 172
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 20
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 10
Эсселер: 9
Абайды тану
Абайдың өмірі мен еңбектері турасында айтылатын тексеру, зерттеудің алдындағы кіріспе сөздің ендігі бір бөлімін Абайды тану деген жайға..
© Мұхтар Әуезов
Сәкеңнің кітабы
Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім..
© Ғабиден Қожахмет
Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.
© Абай Құнанбаев
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
© Абай Құнанбаев
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қала деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
© Қазтуған жырау Сүйінішұлы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қала деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.
Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.
© Джон Рескин
Нәтижелі еңбектің сыры — ең жақсы нәрсеге ұмтылу емес, жағдайға қарай әрекет етіп, шамаң жететін іспен айналысу.
© Джон Рескин
Тұншыққан талант – кесек тұздан арзан. Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде.
© Стивен Кинг
Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.
© Дональд Трамп
Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.
© Дональд Трамп
Еңбекке дағдыланып алсаң болды, онсыз тіршілік ете алмайсың. Бұл дүние дегенің бәрі еңбекке байланысты.
© Луи Пастер
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады да, ал басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап тауып алады.
© Шыңғыс Айтматов
Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи..
© Тәжібаев Төлеген