Шапағат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 7
Поэмалар: 1

Алтыным! Мейірімділікті көрген сайын, шапағатты сезінген сайын тек жақсылықты ойлай бергің келеді.
©  Әкім Ысқақ
Алтыным! Иә, айналадағы жандардың бәрін қатыгез, қара деп қабылдауға болмайды. Өмірде асыл адамдар, нұрлы жүректі жандар жоқ емес! Соны көрдім, соны..
©  Әкім Ысқақ
Тағы бір айтатын мәселе, Алланың жақсылық, мархабаты мол, мейірім-шапағаты өлшеусіз деп халықты адастырып қоймағын!
©  Әбу-Хамид Әл-Ғазали
Мейір шапағат жанның ләззаты.
©  Естеу ЖҮНІС
Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,Шапағат сыйла сен де пейілденіп.
©  Иүгінеки Ахмед
«Шапағат табар жан едім нұрыңнан сенің,Кетпесінші қыздан ар,ұлымнан сенім.Бастайын бүгін адалдық,адамдық жайлы,Ажырамасын мәңгілік жырымнан сөлім».
©  Аймақ Әбілда
Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.
©  Абай Құнанбаев