Еріншектік туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 1

Жас адамға басты кесір– еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір –тілазарлық, кежірлік 
©  Төле би
Байлық жақсы екені елге мәлім,Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.Қолың білсе біреуге жалынбайсың,Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.  
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Тұншыққан талант – кесек тұздан арзан. Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде.
©  Стивен Кинг
Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.
©  Абай Құнанбаев