Луи Пастер

Луи Пастер (Pasteur) 27 желтоқсан 1822 жылы Доль, Юрада дүниеге келіп, 28 қыркүйек 1895 жылы Вильневл ’ Этан, Париж маңында қайтыс болған. Ол- француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. 1862 жылдан Париж ғылым академиясының мүшесі, 1873 жылдан Франция медициналық академиясының, 1881 жылдан Франция академиясының мүшесі. 1844 жылдан Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі болса, 1893 жылы құрметті мүшесі болды. 1849 жылы Страсбург 1854 жылы Лилл университеттерінде профессор болған. 1888 жылы микробиолгия ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры. осы институтта сол кезде И.И Мечников, С.Н.Виноградский, Н.Ф.Гамалея, В.М.Хавкин, А.М.Безредка т.б. жұмыс істеген. Пастердің молекулалардың оптикалық ассиметриясы туралы алғашқы жұмыстары кейін стериохимия негізі болған. Шарап қышқылы кристалдарының оптикалық активтігіндегі айырмашылықтар онда екі ассиметриялық формалардың барына байланысты екенін дәлелдеді. Микроорганизм солардың бірін өзіне сіңіретіндіктен, оптикалық изомерлерді ажыратуға болатынын анықтады. 1857 жылы ашу процессін ( сүт қышқылды, спиртті,сіркелі, өзі ашқан май қышқылды ) зерттеді. Өндірісте шарап және азық-түлікті ( сыра, сүт, жеміс-жидек, шырын ) бұзбай сақтау әдістерін пастерилизация тапты. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын еркше микроорганизидер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін вакцина жасауды ұсынды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: