Жұмыс туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жұмыс" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жұмыс" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жұмыс" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жұмыс" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 42
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 38
Өлеңдер: 49
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 120
Құттықтау, тілектер: 47
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Эсселер: 7

Жұмыстың көзiн тап,
Қисықтың тезiн тап.
Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
Жұмысы бардың
Жүйкесі тыныш.
Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.
Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.
Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
Жемісті жұмыс
Жаныңды тындырады.
Сауық құмарлық
Сағыңды сындырады.
Қолыма жұмыс бергенің —
Жаныма тыныс бергенің.
Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.
Жұмыс қылып бой түзе.
Өнер қуып ой түзе.
Өзі ірі, еті тірі, жаны сірі —
Жұмыстың пірі.
Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.
Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген
Жұмысты тындырады.