Ынтымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 136
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 22
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 37
Баталар: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1
Шығармалар: 7
Эсселер: 6

Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық.
Арқанды ат қазығына оралар.
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
Нан – тамақтың атасы,
Ынтымақ – көптің батасы.
Ынтымақты ел —
Сарқылмас көл.
Ынтымақ — орман,
Жау ала алмас — қорған.
Ынтымақ — елдікке жеткізер,
Елдік ерлікке жеткізер.
Ынтымақ елді — оздырар.
Күндестік елді — тоздырар.
Ынтымақ қосып ел болып
Жұрт жасаған тірлікті айт!
Ынтымақты елге ешкім батпас,
Ынтымақсыз елдің таңы атпас.
Бірлігі бар елдің,
Белін ешкім сындырмас.
Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады.
Саусақ ашылса қылдырық,
Жұмылса — жұдырық.
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.
Адассаң, көппен адас
Әрі жат, бері жат —
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі.
Жас-жастың тілегі бір,
Ынтымақтың білегі бір.
Тірліктің күші — бірлікте.
Адамның күні адаммен.
Дәулетіне қарай сәулеті.