Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты.
© Томас Карлейль
Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен..
© Сағатхан Әшімбаев
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.
© Сағатхан Әшімбаев
Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
© Сағатхан Әшімбаев
Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді.
© Сағатхан Әшімбаев
Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше..
© Сағатхан Әшімбаев
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
© Дмитрий Менделеев
Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделер үшін және бүкіл адамзат үшін неғұрлым пайдалырақ болса соғұрлым кемелдене түседі.
© Дмитрий Менделеев
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.
© Дмитрий Менделеев