Ұлы туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 23
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 1

Өзің ұлы болғаннан гөрі, өзгенің ұлылығына табыну əлдеқайда жеңіл. 
©  Роберт Вальзер
Ұсақ адамдар ұлылардың кемшілігі мен қателігіне қуанады. 
©  Артур Шопенгауэр
 Ерекше адамдарды қалған адамдар не жынды, не ұлы деп қабылдайды.
©  Аслан Қаженов
Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі.
©  Ілияс Есенберлин
Ұлы iстерге талаптанып, жолы болмағандардың өзiн құрметтей бiл.
©  Сенека
Ұлы істерді келсін-келмесін долбарлай бермейік. 
©  Гераклит
Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ұлы болудан күлкiлі болуға дейiн — бiр-ақ қадам.
 
©  Наполеон Бонапарт
Дүниедегi ұлы нәрселердiң ешбiрi құштарлықсыз жүзеге аспайды. 
©  Галилео Галилей
Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы. 
©  Ғабит Мүсірепов
Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүрүден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады. 
©  Марк Твен
Сiздi өзiңiзге сену сенiмiнен айыруға тырысатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл қасиет ұсақ адамдарға тән. Ұлы адам, керiсiнше, сiздiң де ұлы..
©  Марк Твен
Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.
©  Джон Рескин
Шын мәніндегі ұлы адамның бірінші белгісі кішіпейілділік екеніне сенемін. Кішіпейілділік дегенде, адамның өз қабілетіне күмәнмен қарап, өз ойын..
©  Джон Рескин
Қанша ұлы, қанша күшті болса да, әлі күнге дейін ешбір кісі балық секілді еркін болған емес.
©  Джон Рескин
Ұлы адамдар бір-бірін үнсіз-ақ ұғыса біледі.
©  Фридрих Шиллер
Ұлы адамның ұлылығы кіші адамға қалай қарайтына байланысты анықталады.
©  Томас Карлейль
Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.
©  Зиг Зиглар
Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.
©  Бенджамин Дизраэли
Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.
©  Пабло Пикассо
Ұлыны ұлы ұғады, дананы данышпан ғана түсінеді.
©  Бауыржан Момышұлы
Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.
©  Лев Толстой