Парыз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 14
Мақал-мәтелдер: 4
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 39
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 1

Ақындардың басты парызы – екі дүние (фәни мен бақи) арасын жалғастыру. Бұл, әрине, екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Бірақ сол жолда..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кісінің жақсылық, жамандығы оның өз парызын қалай түсінетіндігімен, қалай атқарғандығымен бағаланса өмір бәріне де жеңілірек болар еді. 
©  Сайын Назарбекұлы
Әйел адам өмірге келгеннен кейін парызы-жар атану,екіншісі-бала сүю,ана атану.
©  Қарақат Әбілдина
Әуелде парыз ғылымды үйрен, сосын керекті ғылымды үйрен. Алланы тану парыз ғылым болмақ. Нантабу үшін алатын ғылым керек ғылым.
©  Нұрхалық Абдырақын
Әуелде құлдық парызыңды жақсы біл, сосын адамдық міндетіңді атқар, одан кейін ғана азамат боласың.
©  Нұрхалық Абдырақын
Парыздар арқылы Алланың азабынан құтыласың , нәпіл амалдар арқылы Аллаға жақындайсың. Пақырға көмектесу арқылы Алла ризалығына жетесің.
©  Нұрхалық Абдырақын
«Абайтану - мұрат, абайлық өріске талпыну – парыз».
©  Зылиха Жантасова
Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.
©  Зиг Зиглар