Бөлім: «Өлеңдер»
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
* * *
Көш ілесті көкбөрінің соңынан,Боран ол да тына қалды дауылы.Адамдар кеп оңы менен солынан,Қаны бір ғой, бәрін бірі таныды.Құшақ айқас! Жатыр жүрек..
© Оралбек Бек
Қазақ ақыны
Бұл қазақтың бәрі де ақын болған, Ақындықтан басына ақыл қонған... Құлағына "жыртылдан" тамшы тамса, Күнге ұшып кетуге жақын қалған!..
© Оралбек Бек
Кедейлік
Бір кездері бұл қазақ кедей бопты, Жұмыс таппай, көріпті көрер кепті... Кейде мақтап құдайын, кейде даттап, Шын бар болса, бір кәсіп берер депті.
© Оралбек Бек
Қазақы қалып
Дархан қазақ ер кезде-ақ, бай болыпты, Бір біріне көршілер сай қоныпты.Шыға қалса бір жаққа есігіне, Құлып салып кетуді ар көріпті.
© Оралбек Бек
Сақтық
Жаңа туған салыңқы ай қабағы, Қайда кеткен көркіне сай жамалы! Қырау бүркіп шіркін қыс келіп қалды, Қырға... шығып кетпесін тай, жабағы.
© Оралбек Бек
Есіктер мен жантықтар
Шоқындыдан ешкім шөп сұрамайды, Төрде отырған көрдің бе, кіл "Абайды". Қолтығына дем бүркіп кету үшін, Есігінен "жантықтар" сығалайды...
© Оралбек Бек
Халық көтерілсе
Үгіт жасап теріс дін - ағымдар сақ, Сүмеңдейді ішінде қалың "қарсақ". Қаһарына бір мінсе "әруақ!' деп,Нөпір халық кетеді-ау бәрін жамсап...
© Оралбек Бек
Қазақша тонау
Сізге бағыт біздің ес бере алмай тұр, Бізге бағыт сіздің ес бере алмай тұр. Қотаныңды "дүректер" тік қопарып, Отаныңның шамасы келе алмай тұр!
© Оралбек Бек
Жантақ та гүл атады
Аман болсын қазақтың құба таңы, Бітпейтін іс иесін жылатады. Ғайып болып кетпейді бастағы бақ, Тікені бар жантақ та гүл атады.
© Оралбек Бек
Жүрексіз іс бітпейді
Ұша алмайсың алысқа жүгіңді алып, Болғанымен арқаңда жүз қанатың. Жүрек керек, отсыз да күйіп-жанып, Борансыз да тоңатын, мұз болатын.
© Оралбек Бек
Арша иісі
Қызылиек көк аспан шытынап тұр,Мінезіндей қаталдау ақсақалдың. Таулы жердің шытырлақ қысы ұнап тұр, Бұрқыратқан иісін арша талдың.
© Оралбек Бек
Айбат
Желке түгін жымитып арқасына, Көп ұлыды көкбөрі қарап көкке. "Жаға" кетіп жаппаның қалқасына, Шықты ма екен "сыпырғыш-балақ" төске...
© Оралбек Бек
Шоқу тағдыр
Тағдыр-тәлкек кімдерді сорлатпады, Бірдей оған ақсағың-тоқсағың да. Отқа оранып жатты ғой қор боп бағы, Шоқу көрген арыстан патшаның да!
© Оралбек Бек
Үкі
Кезім де бар бор сынды үгілетін, Өмірзая - сараптап дәптерімді. Күндіз өліп... тек түнде тірілетін, Жұрт білмесін үкі боп кеткенімді!..
© Оралбек Бек
Қияли
Омыраулап тартады алға қарай, Өз сезімің өзіңді құлдай жұлқып. Жоқ та шығар іздейтін айдан арай, Жүрегінде ешкімнің мұндай тыртық...
© Оралбек Бек
Езілу
Баққа бағыт ешкім де бере алмайды, Шытынаса аспаның шыныдайын. Өз жүрегің өзіңді көп алдайды, Демейді екен бір сәт те тынығайын...
© Оралбек Бек
Өкініш
Түсінсем де өксудің бекерлігін, Өтер жылдар, осылай өтер күнім. Сыбыр да жоқ ғайыптан, кім біліпті, Сол жолығу соңғы рет екендігін.
© Оралбек Бек
Жалын мәні
Жақсы көру?! Мәні бар оның дағы! Сақтай білсең - қызуың қаныңдағы. Қажет емес ешкімге ер жігіттің, Жалынды істе жігері шағылғаны!
© Оралбек Бек
Сынақ па?
Әлде мені дедің бе қыжыртайын, Қара түнді қақ жарып жарқ етіп ең. Жалт бұрылып жоқ болдың ізім-қайым... Жанымдағы селк етті қызыл қайың.
© Оралбек Бек
Кекшіл
Таптырмастан дау-шардың қарасынын, Бетін ашып кетті ыза жарасының. Көше жақтан баспақ боп жан ашуын, Жас келіншек қор қылды бар асылын...
© Оралбек Бек
Адасқақ
Көгілдір көл үстінде бұлт ойнайды, Жаны жұмсақ жандарды құртар қайғы... Шоқ жұлдыздар қас қағып тұрған кезде, Неге ойлайды жігіттер үркер жайлы.
© Оралбек Бек
Сөз соңы
Қу тағдыр кетсе толып түрлі ақпарға,Шешуі бұдан қиын жұмбақ бар ма?Таппайсың тал бесігін айтарыңның,Ойыңды жөргекке орап құндақтарда.Өртейсің кейде..
© Оралбек Бек
ТАЙЛАҚ БАТЫРДЫҢ ЖАРАЛЫ КҮЙІ
Өмірдің не жоқ дейсің базарында,Шаттығың,Бәрі сонда азабың да.Сақталып домбыраның шанағында,Қақталып жатады ғой таза мұң да.Ретімен күн батады, таң..
© Оралбек Бек
ШОҚПАР
Жарытпас ерлік жасап маймақтаған,Отаны, жер, суы жоқ тайғақ табан.Шоқпарда жүз мың қолмен шыққан жоңғар,Астында қалды аттардың ойнақтаған.Сумаңдап..
© Оралбек Бек
ОРДАБАСЫ
Аз екен алған сабақ Түркістаннан,Түк те жоқ жоңғарға осы жұлқысқаннан.Бәрінен қиын болды ел ішіне,Салтына көшпенділік тұрмысты алған.Әр тұстан..
© Оралбек Бек