Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Бүгін сенің туған күнің
Бүгін сенің туған күнің, Бар жақсыны тілеймін. Алла өзі жар боп саған, Амандықта жүр деймін.
© Жібек Ысқақова
Туған күн
Туған күнің құтты болсын, Орындалып армандарың. Денсаулығың мықты болсын, Аман болып мал-жандарың.
© Жібек Ысқақова
Суретші
Салмақ боп алманы,Майысты бармағы.Көк, қызыл қарындашҚағазды шарлады.Шаршады Алматай,Маңдайы терледі.Деді ол: «Маматай,Міне, алма, көр», – деді.–..
© Сейфолла Оспан
Бидай сөйлейді
Мен тұқым болдым,Жерге себілдім.Мен талай тоңдым,Су астындаТелегей-теңіздің.Мен қызыл болдым,Қырманға жиналдым.Мен қызу..
© Сейфолла Оспан
Еркелейді сұр күшік
Менің інім бар едіР-ға тілі келмейтін.Өзі сондай бал еді,Бірақ тілі көнбейтін.Көп үйретсең, қиналып,Ұстайтын тек маңдайын.Дос-құрбысы..
© Сейфолла Оспан
Әйбәт бала
Әйбәт бала,Болғын дана,Айдана.Қолға қара,Дұрыс сана,Айдана.Жақсы баға,Алар жазса,Айдана.Артта қалма,Салмақ салма,Айдана.Қалам сұра,Өлең..
© Нұрлан Қалқа
Қазақстан
Қазақстан,Ғажапстан.Туған елім,Азатстан.Қазақстан,Ғажапстан.Келіп жатырҚазақ тыстан.Қазақстан,Ғажапстан.Тәуелсіз ел,Азатстан.
© Нұрлан Қалқа
Елорда
Елордам менің – Астана,Осында жаңа бастама.Сәулетті зәулім үйлер көп,Көрікті сондай жас қала.
© Нұрлан Қалқа
Отанымның жүрегі
Астанам – бағым, баспанам,Қарыштап, алға бас қадам.Отанымның жүрегі,Елорда – менің Астанам.
© Нұрлан Қалқа
Аяз ата, ақша қар
Аяз ата, Ақша қар, Келе жатыр үн қатып. Балалар тұр қуана, Өлеңдетіп, жырлатып
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Безендірер шыршаны, Келді міне жаңа жыл. Жаңа күнге жетелер, Құтты болсын жаңа жыл.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылдық тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа жыр. Жаңа күннің бастауы, Сыйлайтұғын шаттық нұр.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тілек
Жаңа жылда тілейміз,Отбасы аман болсын деп.Аяз атаға хат жазып, Үйіме шаттық толсын деп.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Кел жаңа жыл нұр шашып,Кел жаңа жыл қуантып.Жаңа жылмен жаңарар,Бақыт сыйлап бұл уақыт.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл, аяз ата
Жаңа жылда аяз ата, Ақша қармен келеді. Дорбасында сыйлығы бар, Балаларға береді.
© Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылыңыз құтты болсын!
Көңілде шаттық орнасын, Жаңа жыл сыйлап арай бақ. Барыс жылы атсын тек, Шырайлы таң арайлап.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл
Әрбір үйге бақ келсін, Жаңа жыл шаттық ап келіп. Бар жақсылық тап келсін, Бақыт, шаттық нақ беріп.
© Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл ашты есігін, Барыс жылы келіп тұр. Екі мың жиырма екінші, Жыл, бізге сәлем беріп тұр.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тақпақ
Көңілді тербеп шаттық күй, Әсерлі әуен ойнасын. Жаңа жыл бақыт, құт беріп, Бар жақсысын сыйласын.
© Жібек Ысқақова
Жаңа барыс жылы
Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын бар бағын. Барыс жылы сыйласын, Қуаныштың ақ таңын.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Жаңа жылдың әр күні, Қуанышын сыйласын. Барыс жылы баршаға, Бар жақсыны сыйласын.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Екі мың жиырма екінші, Келді ағайын жаңа жыл. Шад-шадыман күй сыйлап, Жанымызға шашып нұр.
© Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылға тақпақ
Уайым-қайғы болмасын, Жаңа жылдың таңы атып. Барыс жылы сыйласын, Жақсылықты дара қып.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға арналған тақпақ
Әр отбасы бақыттан, Арылмасын бастары. Құтты болсын жаңа жыл, Үлкен, кіші жастары.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Барыс жылы сыйласын, Көктемнің шаттық ақ таңын. Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын тәтті әнін.
© Жібек Ысқақова