Туған күнге тақпақ туралы Тақпақтар ✍️
Тақпақтар: 45
Ата, ортамызда жүрші аман
Туған күнді тойлайық, Жан аташым жыл сайын. Ортамызда жүрші аман, Аташым менің жоқ уайым.
© Жібек Ысқақова
Өзіңізбен аташым, жайнап кетер төріміз!
Немерелер аман боп, Шөберені көріңіз. Өзіңізбен жарқырап, Жайнап кетер төріміз.
© Жібек Ысқақова
Құтты болсын аташым туған күнің!
Құтты болсын аташым, Бүгінгі туған күніңіз. Қуанышта, шаттықта, Шыға берсін үніңіз.
© Жібек Ысқақова
Ақ тілекті арнайық
Ортамызда жүрші аман, Ғасыр тойын тойлайық. Әр жыл сайын аташым, Ақ тілекті арнайық.
© Жібек Ысқақова
Арнайтын бізге батасын
Отбасының тірегі, Бір өзіңсің аташым. Әр күн сайын ақ тілек, Арнайтын бізге батасын.
© Жібек Ысқақова
Аташым жүз жаса!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Шаттығыңды тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
© Жібек Ысқақова
Аташым күніңіз нұрыл боп
Жүз жасаңыз аташым, Әр күніңіз нұрлы боп. Ортамызда жүрші ата, Амандықта уайым жоқ.
© Жібек Ысқақова
Жүз жасаңыз, аташым!
Қуанышыңыз көп болсын, Сәтті болып күніңіз. Жүз жасаңыз аташым, Шаттықта шығып үніңіз.
© Жібек Ысқақова
Аташым менің аташым!
Аташым менің аташым, Беретін әркез батасын. Құтты болсын бүгінгі, Туған күніңіз аташым.
© Жібек Ысқақова
Атаның туған күнінде
Әр күніңіз қуантып, Бар бақытын арнасын. Атаның туған күнінде, Жақсылық тапсын жалғасын.
© Жібек Ысқақова
Аташым мәңгі жасасын!
Шаттығыңыз ортаймай, Жүз жасаңыз аташым. Отбасының тірегі, Аташым мәңгі жасасын!
© Жібек Ысқақова
Атама тілек, туған күніңізбен, ата!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын аташым. Алла жар боп жасыңыз, Жүзге толсын аташым.
© Жібек Ысқақова
Атама туған күнге тілек
Бүгін шаттық, бүгін нұр, Жеке меншік туған күн. Құтты болсын аташым, Бүгінгі бұл думан күн.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңмен аташым!
Туған күніңмен аташым, Құтты болсын мерекең. Деніңіз сау, аман боп, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Аташым, туған күніңмен!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын бүгін мен. Ортамызда жүрші аман, Мейірімді үніңмен.
© Жібек Ысқақова
Көке туған күніңізбен!
Құтты болсын бүгінгі, Көке туған күніңіз. Деніңіз сау боп көке, Аман-есен жүріңіз.
© Жібек Ысқақова
Асыл анашым, туған күніңізбен!
Өмірге мені әкелген, Анашым туған күніңмен. Құттықтаймын мен сізді, Шын жүректен жырыммен.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым, Саулық сізге тілеймін. Жаратқан ием жар болып, Амандықта жүр деймін!
© Жібек Ысқақова
Анашым туған күніңмен!
Анашым менің асылым, Құтты болсын мерекең. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әке!
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын әкетай. Арта берсін берекең, Амандық боп әкетай!
© Жібек Ысқақова
Әкешім, туған күніңізбен құттықтаймын!
Әкетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Әр күніңіз қуантып, Тек күлімдеп жүр деймін.
© Жібек Ысқақова
Әкеме тілек
Туған күніңізбен әкешім, Құттықтаймын сізді мен. Саулығыңыз мықты боп, Жетіңіз жасқа жүз деген.
© Жібек Ысқақова
Апа, туған күніңізбен!
Апа туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Қуаныш, шаттық тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
© Жібек Ысқақова
Апа туған күніңіз құтты болсын!
Саулығыңыз мықты боп, Жүз жасаңыз апа сіз. Қуантсын деп жаңа жас, Тілейміз сізге апа біз.
© Жібек Ысқақова
Апаға тілек
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын апажан. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
© Жібек Ысқақова