Жаңа жылға арналған тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 24

Аяз ата, ақша қар
Аяз ата, Ақша қар, Келе жатыр үн қатып. Балалар тұр қуана, Өлеңдетіп, жырлатып
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Безендірер шыршаны, Келді міне жаңа жыл. Жаңа күнге жетелер, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылдық тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа жыр. Жаңа күннің бастауы, Сыйлайтұғын шаттық нұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тілек
Жаңа жылда тілейміз,Отбасы аман болсын деп.Аяз атаға хат жазып, Үйіме шаттық толсын деп.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Кел жаңа жыл нұр шашып,Кел жаңа жыл қуантып.Жаңа жылмен жаңарар,Бақыт сыйлап бұл уақыт.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл, аяз ата
Жаңа жылда аяз ата, Ақша қармен келеді. Дорбасында сыйлығы бар, Балаларға береді.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылыңыз құтты болсын!
Көңілде шаттық орнасын, Жаңа жыл сыйлап арай бақ. Барыс жылы атсын тек, Шырайлы таң арайлап.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл
Әрбір үйге бақ келсін, Жаңа жыл шаттық ап келіп. Бар жақсылық тап келсін, Бақыт, шаттық нақ беріп.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл ашты есігін, Барыс жылы келіп тұр. Екі мың жиырма екінші, Жыл, бізге сәлем беріп тұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тақпақ
Көңілді тербеп шаттық күй, Әсерлі әуен ойнасын. Жаңа жыл бақыт, құт беріп, Бар жақсысын сыйласын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа барыс жылы
Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын бар бағын. Барыс жылы сыйласын, Қуаныштың ақ таңын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Жаңа жылдың әр күні, Қуанышын сыйласын. Барыс жылы баршаға, Бар жақсыны сыйласын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Екі мың жиырма екінші, Келді ағайын жаңа жыл. Шад-шадыман күй сыйлап, Жанымызға шашып нұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылға тақпақ
Уайым-қайғы болмасын, Жаңа жылдың таңы атып. Барыс жылы сыйласын, Жақсылықты дара қып.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға арналған тақпақ
Әр отбасы бақыттан, Арылмасын бастары. Құтты болсын жаңа жыл, Үлкен, кіші жастары.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Барыс жылы сыйласын, Көктемнің шаттық ақ таңын. Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын тәтті әнін.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тақпақ - 1 шумақ
Жаңа жылдың ақ таңын, Қарсы алайық күлімдеп. Жүрекпен үндеп тәтті әнін, Бұл күнді шаттық күнім деп.
©  Жібек Ысқақова
Кел жаңа жыл
Ойнайық та күлейік, Амандықта жүрейік. Жаңа жылда шаттанып, Думандатып, билейік.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын
Барыс жылы келді еніп, Төрімізге ағайын. Екі мың жиырма екінші, Жыл,  берсін таңның арайын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл туралы тақпақ
Қыстың аппақ қарындай, Айтайық аппақ тілекті. Құтты болсын жаңа жыл, Дір еткізер жүректі.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Жаңа жыл келді жаңа күн, Айтылатын жаңа жыр. Екі мың жиырма екінші, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Әуенімен тербетіп, Жаңа жылды тойлайық. Құтты болсын барыс жыл, Би билейік, қалмайық.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Жаңа жыл келді достарым, Құтты болсын баршаға. Екі мың жиырма екінші, Жылды алайық қарсы ала.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл, Шаттығымен тербеткен. Екі мың жиырма екінші, Барыс жылы кеп жеткен.
©  Жібек Ысқақова