Жаңа күн туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 17
Құттықтау, тілектер: 5

Жаңа жыл құтты болсын ұстазым!
Мейірімді ұстазым, Құтты болсын жаңа жыл. Табысты болсын жылыңыз, Тербеп жанды ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым жаңа жылыңызбен құттықтаймын!
Жүзі жылы баурайтын, Ұстазым менің жақсы адам. Жаңа жылдың әр күні, Қуандырсын басқадан.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын ұстаз
Жаңа жылдың ақ таңы, Атты міне ұстазым. Бар жақсыны тілеймін, Өзіңізге ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Безендірер шыршаны, Келді міне жаңа жыл. Жаңа күнге жетелер, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылдық тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа жыр. Жаңа күннің бастауы, Сыйлайтұғын шаттық нұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл ашты есігін, Барыс жылы келіп тұр. Екі мың жиырма екінші, Жыл, бізге сәлем беріп тұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тақпақ
Көңілді тербеп шаттық күй, Әсерлі әуен ойнасын. Жаңа жыл бақыт, құт беріп, Бар жақсысын сыйласын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа барыс жылы
Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын бар бағын. Барыс жылы сыйласын, Қуаныштың ақ таңын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға тақпақ - 1 шумақ
Жаңа жылдың ақ таңын, Қарсы алайық күлімдеп. Жүрекпен үндеп тәтті әнін, Бұл күнді шаттық күнім деп.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Жаңа жыл келді жаңа күн, Айтылатын жаңа жыр. Екі мың жиырма екінші, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жібек Ысқақова