Ұстазға жаңа жылға тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 12
Құттықтау, тілектер: 6

Тілек жаңа жылға, мұғалім
Жаңа жылдың әр күні, Жандана берсін мұғалім. Шаттыққа бөлеп таң нұрын, Ақтара берсін мұғалім.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын, мұғалім!
Жаңа жылдың әр күні, Қуантсын сізді мұғалім. Шаттанып сіз әр жылы, Қуаныңыз мұғалім.
©  Жібек Ысқақова
Мұғалім жаңа жылыңызбен!
Жаңа жылың бүгінгі, Құтты болсын мұғалім. Арнаймын өлең, жырымды, Бүгін сізге мұғалім.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға мұғалімге тілек
Әріптерді үйретер, Мұғалімдер ізгі адам. Бұл жаңа жыл сіздердіҚуантсын деп сұранам.
©  Жібек Ысқақова
Мұғалім жаңа жыл құтты болсын!
Білімге бізді бастайтын, Мұғалім ол дара жан. Құтты болсын жаңа жыл, Келіп жеткен жаңадан.
©  Жібек Ысқақова
Мұғалімге жаңа жылдық тілек
Білімге бізді баулитын, Жаңа жылыңызбен мұғалім. Жаңа жылда шаттықта, Таусылмасын жыр, әнің.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылға ұстазға тілек!
Шаттықта күліп жүріңіз, Жаны жайсаң ұстазым. Жаңа жылмен жадырап, Жайнаңыз сіз ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын ұстазым!
Мейірімді ұстазым, Құтты болсын жаңа жыл. Табысты болсын жылыңыз, Тербеп жанды ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым жаңа жылыңызбен құттықтаймын!
Жүзі жылы баурайтын, Ұстазым менің жақсы адам. Жаңа жылдың әр күні, Қуандырсын басқадан.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын ұстаз
Жаңа жылдың ақ таңы, Атты міне ұстазым. Бар жақсыны тілеймін, Өзіңізге ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазға тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаны жаздай ұстазым. Жаңа жылда бақытқа, Кенеліңіз ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл, ұстазға тілек
Жаңа жылыңызбен, Құттықтаймын ұстазым. Сізбен бірге шаттықта, Өтіп жатыр қыс, жазым.
©  Жібек Ысқақова