Барыс жылы туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 13
Құттықтау, тілектер: 3

Жаңа 2022 жылыңыз құтты болсын!
Көңілде шаттық орнасын, Жаңа жыл сыйлап арай бақ. Барыс жылы атсын тек, Шырайлы таң арайлап.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл ашты есігін, Барыс жылы келіп тұр. Екі мың жиырма екінші, Жыл, бізге сәлем беріп тұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа барыс жылы
Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын бар бағын. Барыс жылы сыйласын, Қуаныштың ақ таңын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Жаңа жылдың әр күні, Қуанышын сыйласын. Барыс жылы баршаға, Бар жақсыны сыйласын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Екі мың жиырма екінші, Келді ағайын жаңа жыл. Шад-шадыман күй сыйлап, Жанымызға шашып нұр.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылға тақпақ
Уайым-қайғы болмасын, Жаңа жылдың таңы атып. Барыс жылы сыйласын, Жақсылықты дара қып.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Барыс жылы сыйласын, Көктемнің шаттық ақ таңын. Екі мың жиырма екінші, Жыл сыйласын тәтті әнін.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын
Барыс жылы келді еніп, Төрімізге ағайын. Екі мың жиырма екінші, Жыл,  берсін таңның арайын.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Жаңа жыл келді жаңа күн, Айтылатын жаңа жыр. Екі мың жиырма екінші, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын
Әуенімен тербетіп, Жаңа жылды тойлайық. Құтты болсын барыс жыл, Би билейік, қалмайық.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын!
Жаңа жыл келді достарым, Құтты болсын баршаға. Екі мың жиырма екінші, Жылды алайық қарсы ала.
©  Жібек Ысқақова