Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Тары жеген — тарықпас. 
Еменнен қатты ағаш жоқ,Көп жатса жерде дерт ілер.Болаттан қатты темір жоқ,Тасқа салса кертілер. 
Тәжірибелі егіншіЕліменен кеңесер,Ел кеңесі аз десе,Жеріменен кеңесер. 
Масақтың — дәні тәтті. 
Жердің көркі:Орман, тоғай, бұлағы,Елдің көркі:Қала, қыстақ тұрағы. 
Тауға сүйенген,Таудай бәледен аман қалады. 
Қатты күркіреген күнТез ашылады.Қатты ашуланған адамТез басылады. 
Жатқан тастың астына су бармайды. 
Орманшы отынға жарымайды. 
Көп жүрген жер — көл,Құм жүрген жер — шөл. 
Жер — ырыстың кіндігі,Еңбек — ырыстың қазығы. 
Бағбан болсаңБақ өсір.Балама депТағы өсір. 
Егінді күндіз егіп,Түнде суар.Гүлді күн көзіне егіп,Күнде суар. 
Дауылды күні құс салма,Жауынды күні жылқы алма. 
Су — ырыстың көзі,Еңбек — кірістің көзі. 
Сай қуалап су ағар,Жел қуалап от жанар. 
Бұлыңғыр күннің артынанБұлтты түре күн шығар. 
Ойдағы үй — селдікі,Өрдегі үй — желдікі,Жазықтағы үй — елдікі. 
Жер —ана,Ел — бала. 
Жер байлықтың көзі,Еңбеккер иесінің өзі. 
Үкі балаларын үлкен көзді екендіктерін мақтады.
Білімнің кілті мектепте.
Мектеп - білім бесігі.
Мектеп - кеме, білім - теңіз.
Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі.