Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Алтын — тас,Дақыл ас. 
Аяқты ақырғы тамшы толтырады. 
Алыстағы дәрияданАлдында жатқан қақ артық.Төскейдегі тұлпарданЖаныңда тұрған жабы артық. 
Бұлақ көрсең, көзін аш. 
Нажағайдың көптігін қайтейін,Жаңбырдың жоқтығын қайтейін. 
Диқан жерім дейді,Жері үшін ерінбейді. 
Су жетпейін демейді,Жар жеткізбейді.Ер жігіт жетпейін демейді,Мал жеткізбейді. 
Қара жерге қар жауар,Қарды көрген бір мұрат.Қара жерден қар кетер,Жерді көрген бір мұрат. 
Жердің тілін білсең,Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.Елдің тілін білсең,Елге сыйлы боп жағарсың. 
Ер тоқымы жаман депЕрді мазақ қылмаңыз.Еккен егін жаман деп,Жерді мазақ қылмаңыз... 
Орман көп болса — олжаң көп. 
Жаңа туған айды көргенБір мұрат,Жаңа шыққан күнді көргенБір мұрат.Жаңа ашылған гүлді көргенБір мұрат. 
Басыңды көтеріп елден сұрағанша,Басыңды иіп жерден сұра. 
Теңіз кешкенгеӨзен сирағынан да келмейді. 
Теңізді қасықтап төгіпСарқа алмайсың. 
Берекесі кеткен ауылдыңАйтқаны өсек болар,Аңдығаны төсек болар,Берекесі кірген ауылдың:Айналдырғаны шаруа болар.Еккені тары, жегені жарма болар. 
Отты жаға білмегенПықсытады.Шөпті шаба білмегенҚоқсытады. 
Жақсылық еккен алғыс орады. 
Кемедегінің жаны бір. 
Көрінген таудың алыстығы жоқ. 
Үлкен бизнеске кірісіп, кішігірім қателіктерге қарамаңыз.
Қателіктер жаңбырдан кейін саңырауқұлақтар сияқты көбейеді, егер олар кешірілсе.
Жүз жол - мың қате.
Егер ақылды адам қателессе, онда әкесіне де мойындамайды.
Егер сіз қателік жасасаңыз, бірден күлгеніңіз жөн.