Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мұздан өтсең ағып өтОйылғанша өтерсің.Судан өтсең сабыр етСарқылған соң өтерсің.
Өзен суға жарасқанҚамысы мен қоғасы.Кәрияға жарасқанАузындағы тобасы.
Жүлдегердің — жүзі жарқын.
Елге сыймаған —Жерге сыймайды.
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім.
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім.
Диқан жерін анасындай сүйеді,Жер диқанын баласындай сүйеді.
Ағын су жолын табады,Ақ адам оңын табады.
Жер жарасты көрінерӨзені мен көлімен,Ел жарасты көрінерЕңбегі жанған ерімен.
Мал саусаң — сүт,Жер саусаң — құт.
Гүл жайнамайБұлбұл сайрамайды.
Өзен ұзақ ағадыБұлағы болса басында.Іздеген бақыт табадыЖалықпаса жасында.
Бабын тапсаң — байлық жерде.Береке, салтанат елде.
Түйір нан —Тамшы тер.
Су бергеннің — сауабы бар.Су төккеннің жауабы бар.
Орақшы — бір кісі,Комбайн мың кісі.
Жақсы жер — жан тынысы.Жақсы өнер — жігіт ырысы.
Су кетсе, тас қаладыСүрме кетсе, қас қалады.
От орнында күл қалады,Су орнында гүл қалады.
Жемес жерде от бар.Ішпес жерде су бар.
Күн сіркіресе —Көк дүркірейді.
Ақылды елден сұра,Дақылды жерден сұра.
Ұрып саймен жүргеншеБұрып қырмен жүр.
Қайтқан күнде қайыр жоқ,Қу ағашта шайыр жоқ.
Қайраңы жоқ көлден без,Қайыры жоқ жерден без.