Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Қос қадірін жеккен білер,Жер қадірін еккен білер.
Арқа сүйер елің болсын,Аунап жатар жерің болсын.Алысып ойнар теңің болсын,Сүңгіп бойлар көлің болсын.
Жел дауыл шақырады,Бұлт жауын шақырады.
Жаңа шыққан күнді көргенБір ғанибет.Жаңа ашылған гүлді көргенБір ғанибет.
Кімнің қайығына мінсең,Соның ескегін есерсің.
Жұпары жоқ гүлден без,Жұғары жоқ тілден без.
Еңбек түбі — береке.Көптің түбі — мереке.
Бейнет,Бейнет түбі — зейнет.
Еңбек етсең — емерсің.
Рахат түбі — кейіс,Бейнет түбі — кеңіс.
Келген дәулет,Кеткен бейнет.
Ер еңбегіне бір тойсын.
Бейнетің қатты болса,Татқаның тәтті болар.
Қолы қимылдағанныңАуызы қимылдар.
Еңбегіне қарай, өнбегі.
Жас кезімде бейнет берҚартайғанда дәулет бер.
Еңбек ерлікке жеткізер.Ерлік елдікке жеткізер.
Малшы елдің баласыҚұдық қазып ойнайды.Егінші елдің баласыАрық қазып ойнайды.
Кезінде жауын жаумаса,Керіліп жатқан жер кәріп.Тең құрбысы болмаса,Тетелес өскен ер кәріп.
Мінсіз дос болмайды,Мүлтіксіз қос болмайды.
Егін ексең, мол ек,Толтыр қанар-қабыңды.Арық қазсаң, кең қаз,Қандырар бақша, бағыңды.
Жаңбыр жауса — жер тоқ,Егін ексе — ел тоқ.Бұлақ ақса — көл тоқ.Еңбек етсе — ер тоқ.
Су жүрген жер молшылық —Абат емей немене?!Жақсылардың сөздері —Қанат емей немене?!
Жаз — береген,Күз алаған.
Көктем — мұрап,Күз — диқан.