Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
217
БАТАТЫН КҮНДЕЙ НАРТТАНЫП...
Бататын күндей нарттанып,
Жүзіңде толқып тұрды алау.
Қайтеміз қазір ақталып,
Бақ еді саған бір қарау.
Жаюлы жаздың төсегі,
Жантая кетер шалғынға...
Соның да бәрі кеше еді,
Ұмытып енді қалдың ба?
Алдыңнан шығып алма бақ,
Тұратын ылғи қарсы алып.
Әніңді бұлбұл жалғап ап,
Жаңғыртушы еді жар салып.
Арман ғой соның бәрі енді,
Айтты-айтпады түс бүгін.
Шарласам бүкіл әлемді,
Таба алар ма екем ұшқынын?!
Өткенің қайтып оралмас,
Жайнаған жазға өкпем жоқ.
Қиялға кейде болам мас,
Оралар деумен көктем боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇