Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  104


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ЖОЛ

Жәудірейді, жасын үзіп тал, емен,
Оқитындай тау жаңғыртып сан өлең.
Оңтүстікке жылу іздеп барамыз,
Күз жамылған қараша құс және мен.
Менде сол бір құстар құрлы жоқ қайғы,
Жүрегім де дүрсіл-дүрсіл соқпайды.
Жол-жөнекей жол тосатын самал жел,
Ерте үзілген жапырақты жоқтайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу