Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  152


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТӨҢІРЕККЕ БІРДЕЙ КӨЗБЕН ҚАРАМА

Толқын тулап, жағадағы жартастың
Шапшып барып, жағасына жармасты.
Терлеп-тепшіп, моншақтары шашырап,
Асауменен ауыр салмақ шайқасты.
Тентектерін көбік шашқан қапалы,
Маңғаз жартас кейін серпіп жатады.
Қайсарлықпен міз бақпайтын өр бейне
Елең етпей, үнсіз ойға батады.
Толқын тулап, шапшымаса жағаға,
Толқын алтын ала ма?!
Боркемік боп үгітілсе, жартас та
Жартас болып қала ма?!
Әр нәрсенің атауы бар, орны бар,
Төңірекке бірдей көзбен қарама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу