👈 қаріп өлшемі 👉

Айсырға Қилыбаева

Айсырға Қилыбаева 1949 жылы 15 желтоқсанда Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр елді мекенінде дүниеге келген. Негізінен Бейнеу ауданындағы Сам өңірінде өскен. Ақтөбе мәдени-ағарту техникумын, Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – мәдени ағарту қызметкері.
1969 жылы жаңадан құрылған «Сам» совхозында мәдениет үйінің меңгерушісі болып еңбек жолын бастады. 1973 жылы Бейнеу аудандық мәдениет бөлімінің шақыруымен аудандық кітапхананың құрылуына байланысты қызметін ауыстырады. 1980 жылы Маңғыстау аудандық балалар кітапханасын басқарады. 1984-1986 жылдар аралығында Маңғыстау аудандық мұражайының іргетасын қалап, аудан еңбеккерлерінің құрметіне бөленген. 1987-1989 жылдары облыстық балалар кітапханасында, 1989-1993 жылдары облыс орталығындағы №11 орта мектепте библиограф болып қызмет істеді. 1994-1996 жылдары Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы міндетін атқарды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы