Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  88


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

АМАЛЫМ НЕ

Асық атып, көсік қазып, доп қуып,
Қатар тарттық тай, құнанның шоқтығын.
Бала дәурен базары мол бірге өтті,
Құм бойында құлыншақтай көп күнім!
Ақ жібектей кіреукесіз жан едің,
Өттің ерте жауыз дертке соқтығып.
Қамыскөлдің толқындары күлмейді,
Шағалалар сұрасам да білмейді.
Ақша бұлтты сенің көңіліңе ұқсатып,
Шақырсам да құлағына ілмейді.
Амалың не, енді әмір жүрмейді,
Қабиболла, жыла мейлі, күл мейлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу