Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
270
Ақымаққа тойып алса жоқ қайғы...
Ақымаққа тойып алса жоқ қайғы,
Кейбіреудің ішіне май жақпайды,
Кеңкелеске кеңес беріп, сөз айтсаң,
Көргенсіздер түгін қоймай боқтайды.
Кеуек басты көбік ауыз мақтайды,
Жағымпазды жатыпішер жақтайды,
Жануарлар шүйгін шөпке жайылса,
Көзі тоймай, тоқ болса да оттайды.
Ағын сулар теріс қарай ақпайды,
Жеңіл бұйым су түбіне батпайды.
Тізгінге ие болған адам асау ат
Қай жаққа алып қашса-дағы, тоқтайды.
Азаматтар жақсылығын сатпайды,
Адал адам арам астан татпайды.
Қолда барда қадірі жоқ алтынды
Шетте жүрген шаммен іздеп таппайды.
Лас жерге пәле, қырсық қаптайды,
Жаманат та жерде ұзақ жатпайды.
Ар ұялар, абырой бермес қылықтан
Қысылғанда ақыл ғана сақтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇