Өлеңдер ✍️
От пенен судан, балшықтан тәнім жаралган...
От пенен судан, балшықтан тәнім жаралган,
Көктегі нұрдан бейкүнә жаным нәр алған.
Жалғанды жалпақ жалықпай шарлап жүргенде,
Жақсылық көрдім жайымды білген адамнан,
Жамандық көрдім қасымда жүрген адамнан.
Жанса да бағым көгімнен жұлдыз жиі ақты,
Тайғақты жолда біле ме кәпір ұятты?
Ұмтылып алға, ұстадым қолға қияқты,
Жақсылар кетіп, жамандар қалған сиякты,
Адалдар кетіп, арамдар қалған сияқты...
«Жер быт-шыт болып, ай аунап, көкте күн сөнер», –
Деген пікірге, ел аман болса, кім сенер?
Жасар ма еді, жасамас па еді қиянат,
Қыл тұзаққа ілінбеймін деп жүрсе егер,
Ол жаққа барса тірілетінін білсе егер.
Болсын деп барлық ағайын, туыс, дос аман,
Көзіме жас кеп, көңілім талай босаған.
Жаманға, бірақ, түбінде зауал бір келер,
Ал жақсы жанды қолдары таза, асы адал,
Екі дүнияда жарылқай көрші, Жасаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇