Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  154


Автор: Ғафу Қайырбеков

ОДАҒЫМ ДЕСЕМ, ОЙЫМА

Жарты ғасыр жарқыраған жолдары,
Өз өмірің, өз тарихың ол дағы,
Алтын ұя, ақ босаға мекенің –
Қазақстан Жазушылар Одағы!
Өнер туын тік көтерген жоғары,
Ол тұғырдан түсіп көрген жоқ əлі, –
Алыптардың, жарықтардың ұясы –
Қазақстан Жазушылар Одағы.
Ол сəулелі, нұрлы жолдар торабы –
Тағдыры ортақ талай талант соғады,
Елдің даңқын, жұрт мерейін асырған –
Қазақстан Жазушылар Одағы!
Қолдап тұрған заманы мен қоғамы –
Шабыт құсы күнде келіп қонады.
Сол шабыттан биік қаққан қанатын –
Қазақстан Жазушылар Одағы.
Еңсесімен, кеңсесімен жоғары –
Оған кірсең жүрек қатты соғады.
Зеңгір аспан – көкке ойыңды самғатқан
Қазақстан Жазушылар Одағы.
Жырлайтыны халық көркі, Ел бағы, –
Одан аяр жоқ өлеңі, жоқ əні.
Сен жасай бер – өз ұйымым, өз үйім –
Қазақстан Жазушылар Одағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу