Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2022
158
ҚАЗАҚША
Саған қалай бəрі бір,
маған əркім өзінше.
Жағаласар жаным бұл,
Дəл солардың көзінше.
Саған неге бəрібір,
маған мүлде, бір емес.
Ұқсамайтын заман бұл,
бір елеске бір елес.
Анау басқа, бұл басқа!
екеуі де біз емес.
Бізді қалап ол қасқа,
салтымызды түземес.
Ай балтасы бабамның
мақалының бірінде.
Сарымайдай санамның
сақтығы тұр түбінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter