Өлеңдер ✍️

  28.03.2021
  243


Автор: Мұқағали Мақатаев

Қоя тұрыңдар

Қоя тұрыңдар,
Айтыла жатар арнаулар.
Аялдай тұрыңдар,
Асығыстыққа бармаңдар,
Әлі де талай құлдырау бар да, самғау бар,
Әлі де нелер танылмай жатқан тарлан бар.
Осымыз қалай?
Жырымыз неге тым арзан?!
Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан.
Қырсығы тимес,қысқарсын «фабрикалар »
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған!
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу