Өлеңдер ✍️
СҮЙІСУ ҚАУІПТІ
Аспаннан жұлдыздар жауыпты,
Бізге де жыр-Шолпан ауыпты.
Ерінге жабыспа, сұлу қыз
Бәрінен сүйісу қауіпті.
Бұл ерін талай от бастырған,
Атойлап ұйқыны қаштырған.
Арсыздың қытығын дөп басып,
Арлыға абырой шаштырған.
Шөлдетіп, ағзаңды аш қылған,
Көңілді бір сәтте пәс қылған.
Ессіздің қылығын жөн санап,
Естіні оңдырмай мас қылған.
Тәрбиең ар-ұятпен бапталған,
Қырық үй сөзімен қапталған.
Ерінмен мәртебең биіктеп,
Ерінмен беделің тапталған.
Махаббат – тағдырлар түйісу,
Жыла, күл, сүю, ол – у ішу.
Жан рахат, тән ләззат тапқанмен
Бейопа – сезімсіз сүйісу.
Жан едім, атымды оздырған,
Талантым айға қол создырған.
Жұпар иіс, ыстық леп аймалап
әкетті, нәпсімді қоздырған.
Шабытпен жыр-шумақ құрайын,
Әдеби жолға бет бұрайын.
Көпшілік талабы тым қатал,
Этика. Әкесін ұрайын.
Жүр, «Қызылжар» қонақ үйіне...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇